Тараздағы тұрғын үй дауы: көпбалалы 150 отбасы баспанасыз қаламыз деп алаңдаулы

Фото: видеодан скрин

Тараз қаласында тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар тұрған 150-ге жуық көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы тізімнен негізсіз шығарылғанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Олардың кейбірі баспана алу үшін 8–10 жылға дейін кезекте тұрғанын жеткізеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Азаматтарды алаңдатқан тағы бір жайт – уақытша жалдамалы пәтерлерге жасалған келісімшарттардың желтоқсан айының соңында аяқталуы. Тұрғындардың айтуынша, егер мәселе шешілмесе, қыстың қақаған аязында баспанасыз қалу қаупі бар.

Қала әкімдігі бұл жағдайды тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістермен және кезек деректерінің «Отбасы банкінің» ақпараттық базасына берілуімен түсіндірді. Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде уақытша тұрып жатқан азаматтар «тұрғын үйге мұқтаж» санатына енбейді.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, Жаңа жылға дейін ешбір отбасы мәжбүрлі түрде көшеден шығарылмайды. Тұрғындар мерекені қазіргі баспаналарында қарсы алады. Ал тұрғын үй мәселесін әрі қарай шешу үшін азаматтарға ипотекалық немесе жалдамалы бағдарламаларға қайта өтініш беру ұсынылған.

Дегенмен тұрғындар бір күнде қабылданған шешімнің әділеттілігіне күмән келтіріп, өз құқықтарының қорғалмауына алаңдаулы.

Яндекс.Метрика