Шымкентте апатты шатырлар мәселесі ушығып тұр: көпқабатты үйлерді су басуда

Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде әрбір жауын-шашын кезінде шатырдан су ағып, пәтерлер мен кіреберістерге айтарлықтай зиян келіп жатыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдардан қабырғалардың дымқылданып, көгергенін, ал судың электр сымдарына дейін жеткенін байқауға болады. Тұрғындардың айтуынша, бұл проблема бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Олар жауапты органдарға талай рет арызданғанымен, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Қаратау аудандық әкімдігі жағдайдан хабардар болғанымен, тұрғындардың сөзінше, нақты нәтиже беретін жұмыстар қолға алынбаған. Ал мамандар мұндай ахуал тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

Әкімдік тарапынан «бақылауда» деген уәде айтылғанымен, әзірге тұрғындардың талап-тілегіне сай нақты әрекет байқалмай отыр.

Яндекс.Метрика