Айбек Смадияров жаңа лауазымға тағайындалды

Айбек Смадияров Ақордаға қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Айбек Смадияров 6 желтоқсанда сырты істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен болатын. Смадияров бұл қызметке 2018 жылы тағайындалды. Бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 2023 жылдың маусымынан бастап СІМ-нің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Яндекс.Метрика