Фото: freepik.com
Мамандар 15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Тоқты – бүгін өз ойларыңызды ашық айтуға тура келеді. сезімге берілмей, сабырмен әрекет етіңіз, жұмыста күтпеген жаңалық болуы мүмкін.
Торпақ– жеке өмірде үйлесімділік орнайды, ал қаржылық мәселелерге сақтықпен қараңыз, босаңсуға болмайды.
Егіздер – бүгін шығармашылықпен айналысуға жақсы күн, бұрынғы таныстармен кездесу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Шаян – эмоцияңызға ерік бермеңіз, маңызды шешім қабылдарда ақылға жүгініңіз, отбасыда жайлы атмосфера орнайды.
Арыстан – басшылықпен немесе жақындармен келіспеушілік туындауы мүмкін, сабырлы болыңыз, ақшамен байланысты ұсынысқа назар аударыңыз.
Бикеш – күтпеген кездесулер мен қызықты ұсыныстар болуы мүмкін, ішкі түйсігіңізге сеніңіз, бірақ нақты қадамдар жасауда ойланыңыз.
Таразы – жаңа идеялар мен жоспарлар туындайды, бастамаларды кейінге қалдырмай, нақты іске кірісіңіз, достарыңыздан қолдау болады.
Сарышаян – денсаулыққа көңіл бөліңіз, ұзақ демалыс немесе серуен пайдалы болады, материалдық жағынан кішігірім пайда күтілуде.
Мерген – белсенді күн. жұмыста батыл болыңыз, бірақ тәуекелге барудан бұрын бәрін есептеңіз, саяхат жайлы ойлар тууы мүмкін.
Тақа– жақын адамдармен байланыс нығаяды, іскерлік келісімшарттарға қолайлы күн, ішкі үйлесім табуға тырысыңыз.
Суқұйғыш – достармен кездесу шабыт сыйлайды, бүгін шығармашылық пен рухани даму үшін тамаша сәт.
Балықтар – күмән тудыратын ұсыныстардан бас тартыңыз, интуицияға сеніңіз, жалғыз қалудан қорықпаңыз – бұл ойлануға мүмкіндік.
