Фото: T.me/Jagdai
Алматы қаласында 12-қабаттан құлап кеткен жас қыз оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қайғылы жағдайды қалалық Полиция департаменті растады. Ведомство агенттік тілшісіне ресми мәлімет берген.
«Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 24 жастағы қыздың өліміне не себеп болғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
