12 желтоқсанда елімізде бұрқасын боран болады

Фото: Pixabay

12 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірінде ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, сондай-ақ орталығында да тұман түседі. Абай облысында солтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Қарағандыда да оңтүстік батыстан, оңтүстікте жел соғып, түндегі екпіні — 15–20 м/с. Солтүстік Қазақстан облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын жүреді. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 25-27 градус аяз.

Алматыда бұлтты, қар жауады, түнде кей уақытта қалың қар жауады. Тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, сондай-ақ орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте бүгін қар жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны -6 градусқа дейін жетіп, түнде -20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с деңгейінде болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 18 м/с.

Яндекс.Метрика