«Арық қылып түсір»: Мақпал Жүнісова Мөлдір Әуелбековаға ескерту жасады (ВИДЕО)

Фото: коллаж

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында Мақпал Жүнісовамен бірге түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бейнежазбада Мақпал Жүнісова әзілмен: «Жалпитпай, әдемі қылып түсір. Өзің сияқты арық қылып шығаратын бол» – деп қалжың айтып, көрермендердің көңілін көтерді.

Жеңіл әрі достық атмосферада түсірілген видеодан Мақпал Жүнісованың нәзік болмысы мен өзіндік сымбаты байқалады. Бір мезетте оның еркелікке толы қимылдары «қыздай мінез, қыздай сүйкім» әсерін қалдырып, желідегілердің жылы пікіріне ие болды.

Яндекс.Метрика