АҚШ азаматтығын жылдам алғысы келетіндер үшін «алтын виза» іске қосылды

Фото: musavat.ru

АҚШ үкіметінің «Алтын карта» бағдарламасына арналған ресми сайты жұмысын бастады. Бұл жоба ауқатты шетел азаматтарына 1 миллион доллар көлемінде инвестиция құю арқылы АҚШ-та тұрақты тұру құқығына ие болуға мүмкіндік береді, деп жазады  Qazaq Today ақпарат порталы «РИА Новости»-ге сілтеме жасап.

Бағдарлама шарттары бойынша, өтініш қабылданбаған жағдайда салынған қаражат қайтарылмайды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл бастаманы «Америка азаматтығына апарар ең қысқа жол» деп атады.

Сайттың басты бетінде «Трамптың Алтын картасы» деген жазуы бар алтын түсті тікбұрыш бейнеленген. Онда президент Дональд Трамптың суреті, АҚШ-тың ұлттық рәміздері – ақбас қыран, Бостандық мүсіні және жұлдызды жалауы орналасқан. Фондағы бұлттар арасынан тағы да жыртқыш құстардың силуэті көрінеді. Бағдарламаға кез келген мемлекет азаматы өтініш бере алады.

Хабарламада көрсетілгендей, Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қызметі үшін 15 мың доллар төлеу қажет. Одан кейін тексеруден өтіп, 1 миллион доллар инвестиция құйған азаматтар «Трамптың Алтын картасы» арқылы резиденттік статусын барынша қысқа мерзімде ала алады.

Сайтқа кірген пайдаланушылардан жеке мәліметтері мен қаржы деректерін енгізу талап етіледі. Түсіндірмеде картаның кері қайтарылу мүмкіндігі көрсетілгенімен, төленген жарна сыйлық ретінде қабылданып, қайтарылмайтыны ескертіледі. Өтінішті қарау бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Яндекс.Метрика