Темірлан Анарбеков Мбаппені басып озды

Фото: Stan.kz 

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы үздік ойыншылар рейтингінде көш бастап, франциялық супержұлдыз Килиан Мбаппеден асып түсті, деп хабарлайды Qazaq Today.

SoftScore статистикалық платформасының мәліметінше, қазіргі таңда қазақстандық қақпашының орташа бағасы – 8,90 балл. Бұл көрсеткіш оған ПСЖ жартылай қорғаушысы Дезери Дуэді (8,50) және «Реал Мадрид» шабуылшысы Мбаппені (8,33) артта қалдыруға мүмкіндік берді.

Турнир барысында Анарбеков төрт матчта қақпаға бағытталған 21 соққыны қайтарып, жоғары нәтиже көрсетті. Сейвтер саны бойынша ол үздік үштіктен көрінді. Одан жоғары тек «Марсель» қақпашысы Херенимо Рулли (33 сейв) және «Буде Глимт» ойыншысы Никита Хайкин (31 сейв) орналасқан.

Топтық кезеңнің алтыншы турында «Олимпиакосқа» қарсы кездесуде Анарбеков алғаш рет команда капитаны болып алаңға шықты. Қарамастан, матч 0:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілмеді. Дегенмен УЕФА бұл ойынның ең үздік футболшысы ретінде Темірлан Анарбековты таңдады: ол жеті қауіпті соққыны тойтарып, қақпаны бірнеше мәрте голдан құтқарды.

Осылайша, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында «Матчтың үздік ойыншысы» атанған алғашқы қазақ футболшысы ретінде тарихқа енді.

Яндекс.Метрика