Видеода Кенжебек жас өнерпаздардың дайындығын бақылап отырып, «Неге, неге?» әнінің сөзін түзетпек болады. Ол әннің бір жолын айтып шыққанда, «түндегейсің» деген тіркес қолданушылардың назарын бірден аударған.
«Бұл ән былай айтылады. Түндегейсің. Сондай-ақ “ақ көңілді” емес, ақ көңілдім деп айту керек», — деп кеңес берген әнші жастармен бірге әндетеді.
Алайда көрерменді әннің дұрыс айтылуы емес, дәл осы сөздің өзі таңғалдырды. Желідегі пікірлер қас-қағым сәтте толып кетті:
• «Шынымен түнде гейсің деді ме?»
• «Аузынан не шыққанын өзі түсіне ме?»
• «Кенжебектің сөзі де, костюмі де бөлек әлем»,
• «К700 айдайтын ағадан алған киім сияқты» — деп әжуалады көпшілік.
Дегенмен, барлық пікір сын болмады. Кейбір пайдаланушылар әншінің кәсіби деңгейін атап өтіп: «Тілінен сүрінсе де, дауысынан сүрінген жоқ» деп қорғап шықты.
Осылайша бір ғана ауыз сөз тәжірибелі әншіні желідегі қызу талқылаудың ортасына түсіріп, «МузАрт» мүшесін күтпеген хайпқа айналдырды.
