«Көйлек ашық» деп айыптаған: Әзербайжанда қалыңдық өз-өзіне қол салды

Фото: The Sun
Әзербайжанның Мингячевир қаласында 19 жастағы Ляман Мамедли қалыңдық көйлегіне байланысты туған жанжалдан кейін өз-өзіне қол салды. Оқиға туралы Qazaq Today ақпарат порталы The Sun басылымына сүйене отырып хабарлайды.

Марқұмның әкесі Мурад Байрамовтың сөзінше, жағдайдың ушығуына тойға арналған көйлек себеп болған. Жігіт жақ — Эльнур және оның ата-анасы — көйлекті “өте ашық” деп сынап, қалыңдықтың отбасымен жанжал шығарған.

Желіде тараған “Ляман жас айырмашылығы үшін тұрмысқа шығудан бас тартты” деген ақпаратты әкесі толықтай жоққа шығарды. Оның айтуынша, жанжал “гыз тойу” — әйелдерге арналған той бөлімі аяқталғаннан кейін басталып, келесі күні де жалғасқан.

“Біз көйлектің қалыпты екенін түсіндірдік, бірақ олар сабасына түспеді. Сол кезде екі отбасының бір-біріне үйлеспейтіні анық болды. Алайда тым кеш еді. Қызым психологиялық қысымға шыдай алмай, күйзелістен өз өмірін қиды”, — деді әкесі.

Ол сондай-ақ жерлеу рәсіміне келген Эльнур мен оның ата-анасын үйден шығарып жібергенін айтты.

Яндекс.Метрика