«Юбкалар қысқарып кетті»: Блогер қыздардың мектеп формасын сынады

Фото: Qazaq Today ақпарат порталы

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода белгілі блогер мектептердегі форма мәселесін көтеріп, қыздардың ашық-шашық киінуіне назар аудартты. Оның айтуынша, кейбір білім ордаларында «юбка тым қысқа, сан ашық жүретін» жағдайлар жиілеп кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Блогер бұл олқылыққа бірінші кезекте ата-аналардың бақылауының әлсіреуі себеп екенін айтты. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі де оқушылардың киім талабының сақталуын қадағалауды ұмытқанын жеткізді.

«Жастардың сыртқы көрінісі – тәрбиенің көрінісі. Егер мектеп формасы бар болса, талап бәріне ортақ болуы тиіс», – деп атап өтті ол.

Видео Instagram-дағы alihan_tasmukhan парақшасында жарияланғаннан кейін желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мектептегі тәртіпті күшейтуді қолдаса, енді бір бөлігі бұл мәселені мәдениет пен тәрбиенің бөлігі ретінде қарау керек деп санайды.

Яндекс.Метрика