Фото: видеодан скрин
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың інісінің қуанышында қайын атасы Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жұлдыздың жалғыз інісі үйленіп, қуанышқа Қайрат Нұртас пен оның әкесі де қатысты. Тойдан әсерлі сәттерді Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ол жариялаған видеода отбасылық жылылық пен үлкендердің ақ батасы ерекше сезіледі.
«Баяғыда немерелерін көргенде әжем: “Өй, тұқымың көбейгірлер” деп отырушы еді. Қазір өзім де сол сөзді түсінетін болдым. Немерелер көбейген сайын Аллаға шүкіршілік айтамын. Көз тимесін, амандықтарымен қуанта берсін», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы пікірлер қалдырып, Айдарбековтер отбасына ақ тілектерін жолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
