Анадан ақша қымбат: Алматыда жас босанған әйел ауруханада көз жұмды

Алматы перзентханасында жас босанған ана күтпеген жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Алматылық Кристина Илющенко 2025 жылдың 14 қарашасында Перинатология және балалар кардиохирургиясының орталығында босанған. Туыстарының айтуынша, жас ана перзентханадан шыққаннан кейін төсінің аймағы ауырып, медициналық мекемеге қайта оралған. Дәрігерлер оған мастит және лактостаз диагнозын қойған. Жас ана сәбиімен бірге ауруханаға жатқызылған.

Кристина Илющенко 9 желтоқсан күні, яғни шығатын күні, қайтыс болды. Оқиға туралы оның әпкесі Алина Савели Threads әлеуметтік желісінде хабарлаған.

«9 желтоқсан күні таңертең оны шығару керек еді. Ол заттарын жинап, рәсімге дайындалып жатқан. Сосын демалу үшін жатқан, сол сәтте әдеттен тыс, алаңдататындай түрде қатты қорылдай бастады. Дереу реанимация жасалды. Дәрігерлер жүрегі тоқтап, қайта қалпына келтіру мүмкін болмағанын айтты», – деп жазды ол.

Марқұмның отбасы сот-медициналық сараптама қорытындысын әлі алған жоқ.

«Біз ешкімді айыптамаймыз. Бар болғаны – әділ тергеу жүргізу үшін оқиғаға жұрттың назарын аудартқымыз келеді», – дейді жақындары.

CMN мәліметінше, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға байланысты объективті әрі жан-жақты талдау жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ресми хат жолданғанын хабарлады. Ведомство мамандары тексеріс жүргізеді

Ал журналист Мадина Әшілова, кезінде өзіде осы аталған аурханада босанғанын, ол жерде анадан ақша қымбат екенін ашық жазып, Перинатология және балалар кардиохирургия орталығын сынға алды.

Фото: yandex.kz

Яндекс.Метрика