Танымал блогер Сабина Мовлаева желіні тағы да шулатты. Бұл жолы себеп — жаңа видео емес, көпшілікті қақ жарған образы. Qazaq Today ақпарат порталының хабарлауынша, блогердің соңғы фотолары мен видеолары әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған.
Бір топ желі қолданушысы Сабинаның таңдаған киімін «шектен тыс ашық» деп сынап, пікір астына:
«Кімге көріне алмай жүр?», «Бұл іш киім емес пе?», «Контенттен бұрын киімі көзге түсіп тұр»
деген сыни пікірлер қалдырған.
Олардың айтуынша, блогердің образы сахналық этикадан алшақ әрі мазмұнды көлеңкеде қалдырған.
Ал қарсы тарап Сабинаны барынша қорғауда. Олар:
«Әркімнің өз стилі бар», «Заманына қарай адамы», «Өнер адамының еркіндігі шектелмеуі керек»
деп қолдау білдірді.
Осылайша, қоғам екіге бөлінді: бірі бұл әрекетті саналы түрде жасалған хайп деп санаса, екіншісі оны шығармашылық ізденіс ретінде қабылдап отыр.
Бір факт өзгеріссіз: Сабина Мовлаева тағы да көпшіліктің назарын өзіне аударта алды. Ал бұл оның имиджіне қалай әсер ететіні — уақыттың еншісінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
