Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Түрікменстанға барады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады», – делінген хабарламада.

Яндекс.Метрика