Хайп қуғандар қоғамды улап барады — Дәулет Мұқаев

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутат Дәулет Мұқаевтың айтуынша, соңғы жылдары адамдар жаппай назар аударту үшін әдейі ашуландыратын, қоғамды дүрліктіретін әрекеттер жасап, соның арқасында қаралым жинауды әдетке айналдырған. Ол мұндай контенттің қоғамға айтарлықтай зиян келтіретінін баса айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мұқаевтың пікірінше, көпшілікке танымдық, пайдалы ақпараттан гөрі біреудің жеке өмірін бақылау қызығырақ. Осы себепті адамдар хайпқа тез алданады, ал бұл өз кезегінде қоғамдағы мәдениет пен сауат деңгейінің төмендеуіне әкеліп отыр.

Депутат мұндай құбылыс әлеуметтік желілердегі жауапсыздық пен аудиторияның талғамының төмендеуінен туындайтынын айтып, қоғамды саналы ақпаратты тұтынуға шақырды.

Яндекс.Метрика