Бақытгүл Хаменова жазасын қашаннан бастап өтейтіні белгілі болды

Фото: © azh.kz

Бұл ақпаратты Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Издилеуовтің айтуынша, 2022 жылдың 15 қарашасында Атырау қалалық №2 соты Бақытгүл Хаменованы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызмет пен белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырған. Сонымен бірге сот оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеуді үш жылға шегерген.

Ол 2023 жылғы 10 наурыздан бері Атырау қалалық пробация қызметінің бақылауында тұр.

«Жазаны өтеу мерзімі 2026 жылдың 10 наурызында аяқталуы керек. Сот үкіміне сай, бұл кезеңде ол бала тәрбиесімен айналысуға міндетті», – деді департамент басшысы.

Сонымен қатар Ізтілеуов жазаны әрі қарай өтеу тәртібі ҚК-тің 74-бабы 3-бөлігіне сәйкес сот шешімімен белгіленетінін түсіндірді.

«Мерзім аяқталғаннан кейін пробация қызметі сотқа тиісті ұсыным жолдайды. Сот сотталғанның мінез-құлқы мен тәртібіне қарай — жазадан босату, жазаны жеңілдету немесе жазаны атқару мекемесіне жіберу жөнінде шешім шығарады», – деді ол.

Яндекс.Метрика