Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев «Jenys» клубының капитаны атанды

Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев «Jenys» клубының ерлер командасының капитаны болып бекітілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Спортшы аталған клуб құрылған күннен бастап оның сапында өнер көрсетіп келеді. Париж Олимпиадасынан кейін клуб басшылығы Қырғызбаевты жоғары жетістігі үшін 15 миллион теңгемен марапаттаған болатын, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ғұсман Қырғызбаев – Олимпиада жүлдегері ғана емес, әлем чемпионатының күміс медаль иегері. Ол Азия чемпионатында екі рет қола жүлде жеңіп, Гран-слэм мен Гран-при турнирлерінен онға жуық медаль олжалаған тәжірибелі дзюдошы.

Айта кетсек, биыл Астанада өткен Гран-слэм жарысында Қырғызбаев күміс медальға ие болды. Әлем чемпионатында жетінші орыннан көрінген спортшы жуырда Абу-Дабидегі Гран-слэм кезеңінде жүлдеге қол жеткізе алмады.

Яндекс.Метрика