Киіммен кіріп, халатбен қайтқан келіншек: Ақтөбеде көрші еркектің үйіне қонған әйелін қызғанған күйеу сотталды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 41 жастағы жігіт таңертең көршісінің үйінен тек халатпен келген әйелін қызғанып, пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

«Диапазон» басылымының мәліметінше, ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Әйелі  қарсылық ретінде ас үйдегі пышақты қолына алған. Алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып алған. Жара ішкі органдарға тимегенмен, әйел адам ауруханаға түсті.

Ер адамның қызғанышының өршуіне көрші еркек әйелінің киімдері мен кілттерін әкеліп беруі себеп болған. Сотта көршісі түнде бірге барақ ішкендерін, содан кейін әйел үйіне кетіп қалғанын, араларында басқа «ештеңе болмағанын» айтып ақталған.

Сот процесінде айыпталушы әйелінен кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Әйелі де оны кешіретінін жеткізді. Дегенмен сот ер адамның қауіпті екенін ескеріп, оны оқшауланған түрде жазасын өтеуі тиіс деп шешті. Бұған қоса, оның бұрын бірнеше рет сотталғаны ескерілді.

Сот үкімімен ер адамға максималды қауіпсіздік режиміндегі колонияда 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Киімшең шығып, көрші еркектің үйінен таңға жуық халатпен қайтқан әйелін қызғанған күйеу бірден сот залынан қамауға алынды. Ал әйелі көрші еркекпен қала берді.

Яндекс.Метрика