Түнгі жолда күдікті әрекет: Қарағандыда әдейі жолға жүгіріп шығатын алаяқтар көбейген

Фото: видеодан скрин

Қарағандыда автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда жаяу ер адамның қозғалып келе жатқан көліктің алдына екі мәрте қасақана шыққаны анық байқалады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға түнгі уақытта, көлік аз жүретін сәтте болған. Жүргізуші дер кезінде тежіп, соқтығысудан аман қалғанымен, жаяу адамның әрекеті әдейі ұйымдастырылғандай әсер қалдырады.

Пікір қалдырғандар оқиға орнынан небәрі елу метр жерде полиция қызметкерлері тұрғанын, бірақ олардың жағдайға назар аудармағанын айтады.

Желі қолданушылары мұндай жағдайлар көбейіп бара жатқанын айтып, жүргізушілерді барынша сақ болуға шақыруда. »

Жолда әртүрлі айла жасайтындар кездесуі мүмкін, абай болыңдар», – дейді олар.

Яндекс.Метрика