Фото: turanews.kz

Әлемге танымал қазақтың атақты бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шыққанын хабарлап, көпшілікті қуантты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жас келін бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, өмірінде жаңа белес басталғанын атап өтті. Ал желі қолданушылары Айшолпанды құттықтап, жас жұбайларға ақ тілектерін жолдап жатыр.

Еске салайық, Айшолпан Нұрғайыпқызы – Моңғолияның Баян-Өлгей өңірінен шыққан, қазақтың дәстүрлі бүркітшілік өнерін жаһанға танытқан дарынды тұлға. Оның өмірі негізінде түсірілген «The Eagle Huntress» деректі фильмі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудырып, Айшолпанның есімін әлемге әйгіледі.

Қазір ол өзінің жаңа өмірлік жолын бастап, осы маңызды қуанышты сәтін жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрді.