Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Фото: polisia.kz

Ақтауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпаратты Маңғыстау облысы полиция департаменті растады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, жоғалған азаматты іздеу кезінде оның мәйіті қаладан тыс аумақтан табылған. Сараптама алдын ала зорлық белгілерін анықтаған.

Полиция бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның тұрмыстық жанжал салдарынан болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Күдіктілердің кім екені анықталды. Облыстық ПД бастығы Сағындық Аяғанов оқиға орнына барып, тергеу барысын жеке бақылауға алды. Қазіргі уақытта оларды ұстап, жауапқа тарту үшін кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ведомство өкілдері.

Яндекс.Метрика