Айару Бақытбектің бір реттік образы қанша тұрады? Эксперт нақты бағасын айтты

Фото: instagram.com/aiaru_bb

Белгілі стилист және сән эксперті Жансая Әміршәріпқызы продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбектің бір реттік образын талдап, оның нақты құнын есептеп берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сырт көзге қарапайым көрінетін бұл стильдің бағасы шын мәнінде айтарлықтай жоғары екені анықталды. Эксперттің айтуынша, Айарудың басынан аяғына дейінгі образ толықтай люкс сегментіндегі брендтерден құралған.

Айару таңдаған SANDRO маркалы қара көйлек – 160 мың теңге. Оған үйлестірілген Gucci-дің қонышы ұзын етігі – 733 мың теңге, ал сол брендтің шағын сөмкесі – 474 мың теңге тұрады.

Ал әшекей бұйымдары бұдан да қымбат:
Tiffany HardWear 18 караттық алтын сырға – 2 млн 99 мың теңге
Bulgari B.Zero1 коллекциясындағы алқа – 5 млн 517 мың теңге
Cartier сақинасы – 1 млн 38 мың теңге
• Сол Cartier-дің толық алтыннан жасалған сағаты – 15 млн 413 мың теңге

Осының бәрін қосқанда, Айару Бақытбектің бір ғана образының жалпы құны 25 млн 434 мың теңге болған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды:

«Бір образ – бір пәтердің бағасы»,
«Осы ақшаға Шымкенттен үй алып қояр едім»,
«50 мың теңгеге киінсек, соған мәз боламыз»,
«Баянның қыздары тәрбиелі, ерсі әрекет жоқ – соған қуану керек»,
«Бір образдың құны үйдің төбесіне іле салғандай екен» – деп жазды олар.

Айарудың бұл образы сән әлеміндегі қаржылық мүмкіндіктің, талғамның және өмір салтының айырмашылығын айқын көрсеткендей болды.

Яндекс.Метрика