Фото: видеодан скрин
Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы тасжолында болған ауыр жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті таратты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оқиға 5 желтоқсан күні, жолдың 80-шақырымында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, Audi A6 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол сәтте келе жатқан Nissan Cefiro көлігімен қатты соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, соққының салдарынан:
• екі жүргізуші,
• екі жолаушы
оқиға орнында көз жұмған.
Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында техникалық сараптамалар тағайындалып, көліктердің қозғалыс бағыты мен жылдамдығы зерттелуде.
