«Жарылғыш зат қойылған»: Алматыда Mega сауда орталығында келушілер эвакуацияланды

Фото: Желі кадрларынан скрин

Алматыдағы Розыбакиев көшесіндегі Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз тұлға жарылғыш зат қойылғаны жөнінде анонимді хабар таратқан. Осыған байланысты орталықтағы барлық келушілер мен қызметкерлер шұғыл түрде сыртқа шығарылды, деп жазадыQazaq Today ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті мәлімдегендей, ақпарат түсе салысымен жедел қызметтер мен арнайы жасақтар оқиға орнына бағытталып, сауда орталығының аумағы дереу қоршауға алынған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимарат толықтай комиссиялық тексеруден өткізілуде.

Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан күдіктінің кім екенін анықтауға кірісті. Мұндай әрекет үшін Қазақстан заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Ведомство тұрғындарға сабыр сақтап, полиция мен қауіпсіздік қызметкерлерінің талаптары мен нұсқауларын қатаң орындауды тағы бір мәрте еске салды.

Яндекс.Метрика