Баланың дамуына ойыншықтардың әсері бар ма?

Фото: freepik.com

Ойыншық — жай ғана зат емес, бала дамуының маңызды құралы. Ол баланың ойлауын, тілін, эмоциясын, қозғалысын, қиялын дамытады.

Конструкторлар, кубиктер, пазлдар — логика, шешім қабылдау, ойлау қабілетін дамытады.  Себеп-салдар байланысын түсінеді.

Қуыршақпен, ойыншық жануарлармен ойнау — диалог құруға, сөз үйренуге көмектеседі. Анасы не әкесі ойын кезінде сұрақ қойса — бала сөйлеуге талпынады.

Мозаика, тастар жинау, сурет салу құралдары — саусақ бұлшықетін дамытады.

Бұл кейін жазу, киіну сияқты дағдыларға әсер етеді.

Рөлдік ойындар (қуыршақ үйі, дәрігер, асхана) — бала өзін басқа рөлде елестетіп, қиялын дамытады.

Ойын арқылы бала сезімін білдіреді, достық пен жанашырлықты үйренеді.

Мысалы, ойыншық “ауырып қалса”, бала оны жұбатады — бұл эмоциялық интеллект дамиды.

Дұрыс таңдалған ойыншық — баланың дамуына үлкен инвестиция.

Бала жасына сай, қауіпсіз, қызықты, білім беретін ойыншықтар оның танымын тереңдетеді.

Ойыншық таңдау кезінде неге мән беру керек?

1. Жасына сай болуы

2. Қауіпсіздігі – өткір, жұтылып кететін бөлшектер болмауы

3. Дамытушы болуы – тек қызықты емес, сонымен қатар үйрететін болуы

4. Ашық түстер, әртүрлі текстура – сезім мүшелерін ынталандырады

5. Арзан емес — сапалы: ұзаққа жараса, жақсырақ дамуға ықпал етеді

Яндекс.Метрика