9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Фото: freepik.com

Бұл күн БҰҰ-ның бастамасымен 2003 жылдан бері аталып өтеді. Мақсаты — әлем елдерін жемқорлықпен күресуге жұмылдыру, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

2003 жылы 9 желтоқсанда Мексиканың Мерида қаласында БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қойылды.  Бұл құжатқа 180-нен астам мемлекет қосылған. Сол уақыттан бері 9 желтоқсан — Халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде белгіленді.

Қазақстан бұл конвенцияны 2008 жылы ратификациялады. Жыл сайын 9 желтоқсанда ел бойынша оқушылар мен жастар арасында іс-шаралар, форумдар, байқаулар, акциялар өтеді. Мемлекеттік органдар, мектептер, ЖОО, мекемелерде “Адалдық сағаттары», тренингтер мен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Бұл шаралардың өту мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіру, адал еңбек пен әділдік құндылығын дәріптеу, азаматтарды заңды сақтауға, жауапкершілікке шақыру, қоғамның әр мүшесін — жастарды, мемлекеттік қызметкерлерді, қарапайым халықты жемқорлыққа «жоқ» деуге ынталандыру.

Яндекс.Метрика