Фото: freepik.com
Желтоқсан — Қазақстанда қыс мезгілінің басталған, суық және көбіне ылғалды уақыт. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аудандарында түнде —5 … —20°С‑қа дейін, ал күндіз —5 … +2°С шамасында суытуы ықтимал, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Оңтүстік аудан‑қалаларда ауа – салыстырмалы түрде жұмсақ; түнде 0…–5°С, ал күндіз 0…+8°С дейін болуы мүмкін. Сонымен бірге – қар, тұман, көктайғақ, кейде бұрқасын, жел — қыс мезгілінің тән белгілері.
Ұлытау облысында қар жауып, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарына қалың қар түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 15-18 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -23…-25°C.
Қонаевта көшпелі бұлт, қар жауған жаңбыр, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы 0…-2°C, күндіз + 1…+3°C.
Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -18…-20°C.
