Фото: видеодан скрин
Ақтөбе облысында Қандыағаш–Ембі бағытындағы автожолда ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тасжолда Toyota және Renault маркалы көліктертің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапқан.
«Toyota көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды», – деді ведомство өкілдері.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
