Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген британиялық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшының допинг дауына іліккені туралы жаңалыққа дөрекі пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Допинг дауы туралы ақпарат шыққаннан кейін Бентли X әлеуметтік желісінде жағдайды белсенді түрде талқылай бастады. Ол қолданушылардың бірнеше сын пікірін бөлісіп, өзі де өткір жазбалар қалдырды.
Жазбалардың бірінде Бентли Әлімханұлын балаларды қорқытатын кейіпкер – «бугименге» теңге.
«Құрып кеткір, мынау жалған бугимен допинг сынағынан өте алмай қалыпты», – деп жазды ол.
Басқа жазбасында британиялық боксшы қазақстандық спортшыны «қаңғыбас» деп атаған.
Еске сала кетейік, 2022 жылы қос боксшы WBO әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте кездесті, онда Әлімханұлы судьялардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
