Доллар бағамы апта аяғында тағы да көтеріліп кетті

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен сауда-саттықтың күндізгі сессиясы аяқталып, доллар бағамы өсім көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сауда нәтижесіне сай, АҚШ валютасының орташа бағасы 3,89 теңгеге көтеріліп, 504,49 теңгеге жетті. Ал Ұлттық банк бекіткен ресми курс — 499,65 теңге деңгейінде қалды.

Kurs.kz деректеріне қарағанда, Алматыдағы айырбастау пункттері долларды шамамен 504,66 теңгеден қабылдап, 507,51 теңгеден сатады.

Сондай-ақ еуро 587,34–593,31 теңге аралығында, рубль 6,50–6,64 теңге деңгейінде ұсынылуда. Қытай юані 71,45 теңгеден сатып алынып, 74,40 теңгеден сатылуда. Астанадағы айырбастау орындарында да жағдай ұқсас: — долларды 503,75 теңгеден сатып алып, 510,76 теңгеден өткізеді; — еуроны 584,60 теңгеден қабылдап, 594,50 теңгеден сатады; — рубль 6,50 теңгеден сатып алынып, 6,65 теңгеге сатылады; — юань 72,50 теңгеден қабылданып, 76,90 теңгеге ұсынылады.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда өткен күндізгі сауда қорытындысында доллар 3,98 теңгеге арзандап, 499,65 теңге болған еді.

Яндекс.Метрика