Фото: Видеодан алынған кадр
Желіде Мөлдір Мұқанованың танымал әнші Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатқаны туралы жазбасы кең тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты Мұқанованың өзі жаз айында әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.
«Қайрат Нұртаспен дуэт жазу жоспарда тұр… Әлі өзім де сенбей жүрмін.
Өмірімде талай рөлді атқардым: ана, жар, кәсіпкер… Енді өнерімді көпшілікпен бөлісетін уақыт келген сияқты.
Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқанның бірлескен әні қандай болады деп ойлайсыздар? Қай жанрға жақын болғанын қалар едіңіздер? Махаббат тақырыбында ма, әлде өмір туралы ма?
Жүректен туған ән жүрекке жетеді деп сенемін. Күтесіздер ме?» – деп жазды ол.
