Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы алғашқы раундта нокаутпен жеңді

Фото: скрин

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары өз бәсекесін бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нурмагамед Юсупов 1/16 финалда Тәжікстан боксшысы Навруз Джафоевпен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокдаунға жіберіп, рефери жекпе-жекті бірден тоқтатты. Осылайша Юсупов келесі айналымға сенімді түрде өтті, ал тәжік спортшысы турнирдегі жарысын аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы чемпионатқа 13 салмақ дәрежесінің барлығында қатысуда. Дода 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Биылғы әлем біріншілігінің жүлде қоры – рекордтық 8,32 млн доллар. Чемпион атанған боксшы 300 мың доллар, күміс жүлде иегері – 150 мың доллар, ал қола жүлдегерлер 75 мың доллар алады. Сонымен қатар ширек финалға жолдама алған әр спортшыға 10 мың доллар сыйақы белгіленген.

Яндекс.Метрика