Бразилия әуежайында жолаушылар ұшағы өртенді

Фото: TV Globo

Бразилияның Гуарульюс қаласындағы әуежайда жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағында өртке оранды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

TV Globo басылымына сүйене отырып хабарлады. LATAM әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ішінде жүзден аса жолаушы болған. Порту-Алегриге бағыт алған әуе бортына жолаушылар мінгеннен кейін, экипаж оларды дереу сыртқа шығуға шақырған.

Компания өкілдерінің айтуынша, борттағы техникалық жабдықтардың бірінде өрт тұтанып, одан шыққан түтін қауіпсіздік жүйесін іске қосқан. Жолаушылар телетрап арқылы және төтенше жағдайда қолданылатын үрлемелі траппен эвакуацияланған.

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз, зардап шеккендер туралы мәлімет те жоқ.

Яндекс.Метрика