Фото: Астана ПД
Астана қаласында екі автобус соқтығысып, соның салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Қалалық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, шағын автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
«Жол апатының салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде олардың жағдайына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті.
