Фото: kursiv.media
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын азаматтардың жаңа реестрін жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.
2024 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП
Биыл наурыз айында Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың екінші жартыжылдығына қатысты деректерді жариялаған болатын. Ол тізімде шетелден қаржы немесе мүлік алған тұлғалар көрсетілген еді.
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫҢ ТІЗІМІ
Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жаңа реестрді жариялады. Бұл жолы тізімде барлығы 186 азамат тіркелген.
«Бұл шара азаматтардың мемлекетке, үкіметтік емес ұйымдарға сенімін арттыруға бағытталған. Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді», — делінген МКК хабарламасында.
