Семейдің Қарағайлысы қара күйеге көміліп қалды — тұрғындар ашулы

Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы Қарағайлы ықшамауданында жаңа қазандықтың іске қосылуы үлкен дауға айналды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, қазандықты қосқан сәттен бастап аулаға қап-қара күйе жауып, үйлердің терезелері, көліктері, тіпті балалар алаңының өзі қара түске боялған. Адамдар не істерін білмей, билікке шағым түсіре бастады.

Қазандық салынғанда «жаңа буын, түтін шығармайтын, экологиялық таза болады» деп уәде етілген еді. Ал іс жүзінде, Қарағайлы толықтай күйе басқан. Тұрғындар: «Уәде еткен экология қайда? Қарағайлыны тұншықтырып тастаған күйені қашан тоқтатады?» – деп дабыл қағуда.

Яндекс.Метрика