Елімізде доллар бағамы 500 теңгеге дейін түсті

Фото: Pixabay
Қазақстанда теңге нығайып, доллар тағы да арзандады. Бір тәулікте АҚШ валютасы 4,07 теңгеге түсіп, құнсызданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

KASE биржасының мәліметінше, 3 желтоқсан күнгі сағат 15:30-дағы сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 503,89 теңгені құрады.

Саудадағы соңғы мәміле 503,56 теңге деңгейінде аяқталған. Әдетте айырбастау пункттері өз бағаларын осы соңғы көрсеткішке қарай реттейді.
Kurs.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пунктерінде қолма-қол доллардың сатып алу және сату бағасы төмендегідей:

Астана:
– сатып алу: 502–503 тг
– сату: 509–510 тг

Алматы:
– сатып алу: 500,9–505,7 тг
– сату: 505,9–510,7 тг

Шымкент:
– сатып алу: 503–504,5 тг
– сату: 505–506,5 тг

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық сарапшылар доллар бағамына қатысты өз болжамдарын жариялаған болатын.

Яндекс.Метрика