«Шешем тастап кеткен»: Жан Ахмадиев өзінің асыранды екенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Журналист әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызына не себепті тиісіп жүргенін түсіндірді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл жайында ол «QazaqAiran» жобасына берген сұхбатында айтты.

«Темір қатын деген рэпімді арнайы Баян Мақсатқызына арнап шығарғанмын. Сол үшін ол маған ренішін білдірді. Ол кезде мінезім от болып тұрған жас шағым еді. Кейін ойым өзгерді. Бір кезде «әйелді аптасына бір рет ұрып тұру керек» деп те айтқаным бар. Бірақ ол – бұрыңғы Жан Ахмадиевтің сөзі. Қазір ондай ойдан толықтай бас тарттым.

Мен өзімді асырап алған отбасында өстім, туған анам тастап кеткен. Мүмкін, сондықтан әйелдерге деген ішінде реніш қалып қойған шығар деп ойлаймын. Шын мәнінде, біздің қоғамда әйелдің қадірі әлі толық бағаланбайды. Керісінше, еркектердің өзі әлсіреп, әйеліне қол көтеретін жағдайлар жиілеп кетті.

Мені көріп отырған барлық әйелдерден кезінде айтқан ауыр сөздерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қателігімді мойындаймын», – деді ол.

Айта кетейік, «Темір қатын» рэпіндегі жолдар мынадай:
«Күллі қазақ қатындары сол қатынның құлы болды,
Темір қатын интернеттің таусылмайтын жыры болды.
Байдан байға тоқал болған бұл бәленің несі қызық?
Намысы бар еркек келіп кетті оның бетін бұзып».

@qazaq.airanЖан Ахмадиев әйелдерді жек көре ме? Сұхбаттың толық нұсқасын Qazaq Airan YouTube арнасынан көріңіз

♬ оригинальный звук — QAZAQ AIRAN

Яндекс.Метрика