«Тағы бір фельдшер қаза тапты»: Алматыда медицина қызметкері опат болды

Фото: видеодан скрин
Алматыда 3 желтоқсанға қараған түнде жедел жәрдем көлігі қатысқан ауыр жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға шамамен 00:40-та Алатау ауданында болған. Бұрылыс жасап бара жатқан жедел жәрдем көлігіне қарсы бағыттан келе жатқан Kia автокөлігі соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақаттанды. Ауыр жағдайда ауруханаға түскен 23 жастағы фельдшер бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Полиция оқиға бойынша адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір 23 жастағы фельдшер — Ұлдана Мырзуан — көпқабатты үйдің қаптамасы құлап, ауыр жарақаттан қайтыс болған еді. Денсаулық сақтау саласына қатысты бұл қайғылы жағдайлар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Яндекс.Метрика