«Өз өміріңізді сүріңіз!»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің жарына шүйлікті

Фото: www.instagram.com/indiraelemes
Танымал әнші Индира Елемес марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына қатысты пікір білдіріп, желіде арнайы жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әнші өзіне қатысты сұхбатта сөздердің бұрмаланғанын айтып, қоғамда қате түсінік қалыптасқанын жеткізді.

«КТК арнасын неге тексермейсіздер? Мен “студияда қайтыс болды” деп айтқан жоқпын. Айсұлу, сөзді бұлайша өзгертуге болмайды. КТК барлық видеоны толық көрсін, сонда менің қалай сөйлегенім анық көрінеді. Жетер енді. Күйеуіңіздің ол жерде не үшін тұрғанын неге айтпайсыз? Айтпаған сөзімді қайта-қайта өзіме жаба бермей, өз өміріңізді сүріңіз. Бір нәрсе айтсаңыздар, нақты дерекке сүйеніңіздер!» – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, композитор Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында өмірден өткен. Былтыр қазан айында марқұмның ұлы да қайтыс болды. 2024 жылдың 7 қазанында жас жігіт өз пәтерінде асылған күйінде табылған. Оның қолдары байланғаны анықталған. Алдын ала дерек бойынша, өлімнің себебі – механикалық асфиксия. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ол анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында композитордың жертөледе емес, зауыт аумағында көз жұмғанын алғаш рет ашық айтқаны хабарланған еді.

Яндекс.Метрика