МРТ-дан өткен Трамптың денсаулығы туралы ақпарат шықты

© AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ тексеруінен өткен. Ақ үй сол диагностиканың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today.

Ақпаратта атап өтілгендей, тексерудің мақсаты — денсаулықтағы мүмкін мәселелерді ерте анықтау, жалпы жағдайды бағалау және президенттің алдағы уақытта қызметін атқару қабілетін анықтау болған.

МРТ нәтижелері Трамптың жүрегінде де, күре тамырларында да ешқандай ақау жоқ екенін көрсеткен. Дәрігерлер оның жүрек-қантамыр жүйесі өте жақсы күйде екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ағзалар жұмысы қалыпты екені және өткір не созылмалы дерттің белгілері байқалмағаны да айтылған.

Ақ үйдің бас дәрігері мұндай тексеру Трамппен жасты мемлекет басшылары үшін қалыпты тәжірибе екенін жеткізді.

Бұған дейін, жексенбі күні, Трамп өзі де МРТ қорытындысының жақсы шыққанын мәлімдеген еді.

Яндекс.Метрика