Іздеу кезінде Сиднейдегі уақытша пәтерлерінен қосымша ойын құрылғылары, зергерлік бұйымдар және 2 мың еуро табылған.
Ерлі-зайыптылар Аустралияға 2025 жылдың қазан айында келіп, сол күні казиноға келуге тіркелген. Қазаннан қарашаға дейін олар Crown Sydney-ге бірнеше рет барып, үлкен соманы жеңіп алып, күдік тудырған.
The Guardian ақпаратына сүйенсек, қазақстандықтар телефонға карталарды түсіріп, жасырын құлаққаппен нұсқау жүргізіп отырған. Бұл оларға тиімді ставка жасауға көмектескен.
Қазақстандық әйелдің ісі 2026 жылдың ақпанында қаралса, ер азаматтың ісі 11 желтоқсанға дейін қаралуы тиіс.
