Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы бақилық болды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.
Қаралы хабарды депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқанадар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін», — деп жазды ол.
Ринат Зайыт көпшілікке айтыскер ақын ретінде танылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Еске салайық, Ринат Зайыт өзінің сқхбатында әлі күнге анасының жеке пәтері жоғын, Семейдегі қызының қолында тұратынын айтқан еді.
