Фото: видеодан скриншот
Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан қыздардың туысы жүргізушіге «Байқап жүрмейсің бе?!» деп айқайлап, күш қолдануға әрекеттенгенін көруге болады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта бүгін таңертең 5 және 10-шы сыныпта оқитын апалы-сіңлілі қыздар сабаққа бара жатқанда жол апатына ұшырағаны айтылған.
Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.
«1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды», — деді полицейлер.
Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
