Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
- Көлік автолизингке беріледі. Автокөлік лизингі – бұл мүлікті ұзақ мерзімге жалға алу формасы. Бірақ көлік лизингтік компанияның иелігінде қалады. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін клиентке бірнеше ұсыныс жасалады.
- Шина ауыстырмағандар айыппұл төлейді. Заң бойынша 1 желтоқсаннан бастап қысқы шинаға өту қажет.
- «Транстелеком» компаниясы желтоқсанда телефония қызметінің бағасын өзгертеді.
- Қазақстанның әуетасымалдау нарығында жаңа лоукостер – тайландтық «Thai Air Asia X» компаниясы жұмыс істей бастайды.
- Оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күнге жалғасады.
- Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады. 1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады.
- Шымбұлақта қысқы маусым 7 желтоқсанда ресми түрде ашылады. Биыл негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына ауыстырылған. Ал Шымбұлақ станциясында келушілер заттарын күнделікті сақтай алатын арнайы ұяшықтар жұмыс істейді.
- Елімізде 3 қарашада «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталған болатын. Өтініш қабылдау 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Еске салсақ, бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10 пайыз бастапқы жарнамен және жылдық 7 пайыздан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады.
Айта кетейік, редакция бұған дейін 2025 жылмен қоштасуды есте қалдырудың ең қызық тәсілдерін ұсынды.
