Сәбилер тоңып жатқан палата: ШҚО-ның ауруханасындағы адам төзгісіз көрініске кім жауап береді?

Фото: видеодан скрин
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласындағы орталық ауруханаға екі айлық сәбиімен жүгінген ана суық әрі жылусыз палатада жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қабырғасы қирап, сылағы түсіп тұрған, терезесінен жел соғатын бөлмеде баланы емдеу былай тұрсын, жылы сақтап қалудың өзі мүмкін болмаған. Сәбиді тоңдырмау үшін үйіне шығару туралы өтініш жазғанымен, баласының қызуы көтерілген соң қайта палатаға жатуға мәжбүр болыпты.

Төрт орындық тар бөлмеде түрлі жастағы балалар бірге жатқан, бұл санитарлық талаптардың сақталуына қатысты үлкен күмән туғызады. Осындай күйі кеткен медициналық мекемелерде халықтан МӘМС-ті міндеттеп талап ету – мүлде әділетсіз. Бұл жағдай аймақтағы медицина сапасының қандай деңгейге түсіп кеткенін анық көрсетіп, тиісті органдардан шұғыл шара қабылдауды талап етіп отыр.

Яндекс.Метрика