«Қолыңнан келген зияныңды тигіздің!»: Индира Елеместің жазбасы желіде талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: kyn.kz

Президенттен үй мәселесіне байланысты көмек сұраған әнші Индира Елемес жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол өз жазбасында:
”Мен сені қорқынышты түсімдей ұмыттым”. Сен маған барлық қолыңнан келген зияныңды тигіздің бірақ мақсатыңа жетпедің! Біздің отбасымыз бірнеше ай бойы үйімізді заңсыз тартып алмақ болған адамдардың қысымына тап болды. Алайда әділдік жеңіп, барлық мәселе толықтай өз шешімін тапты”, – деп қуанышымен бөлісті.

Әнші бұл күрделі жағдайды еңсеруге жәрдемдескен азаматтарға алғыс білдірді.

“Осы қиын кезеңде біздің құқығымызды қорғап, барлық құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектесіп, істің әділ шешілуіне ықпал еткен Рамазан Бүлбүл мырзаға ерекше ризашылығымызды айтамыз. Құжаттарды реттеу, заңды процестерді бақылау және жағдайды кәсіби түрде басқару жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Соның арқасында біз үйімізді ресми түрде өз атымызға заңды негізде қайта алдық.

Жанашырлық танытып, әділдік үшін соңына дейін бірге болғаны үшін Рамазан Бүлбүл мырзаға шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ өмірімнің ең ауыр сәтінде жанымнан табылған Аяулы анама, құрбым Алияға, інім Нұрғазыға алғысым шексіз! Мені Рамазан Бүлбүлмен байланыстырған Мурат Бейгеге де үлкен рахмет! Соңғы сөзім – “Ең жақын адамым қас жауым болып шықты“, – деп жазды Индира Елемес.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Indira Elemes (@indiraelemes)

Яндекс.Метрика