Фото: Pixabay
Қазақстандықтар 2025 жылдың желтоқсан айында бірнеше күн демалады. Бұл айда ең басты мереке – 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні бар, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.
Бұл күн 2025 жылы сейсенбіге дәлме дәл келеді. Сондықтан бес және алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар үшін 16 желтоқсан ресми демалыс күні болады. Басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.
31 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар Жаңа жылды қарсы алады. Алайда бұл күн жұмыс күні болып есептеледі. Нақты демалыс күндері тек қаңтар айының басында болады.
Бес күндік жұмыс аптасында тұрғындар төрт күн қатарынан демалуға мүмкіндік алады: яғни, 1–4 қаңтар аралығында. Мұндағы 1 және 2 қаңтар – мереке күндері, ал 3 пен 4 қаңтар – қосымша демалыс күндері.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
